Monthly Archives: Қазан 2007

Сыр қосылған жұмыртқа

Аз ғана сары майға сыр ерітіңіз да, үстіне жұмыртқа жарып қуырыңыз. Жұмыртқа дайын болып қалғанда аскөк қосыңыз да сервис жасаңыз.

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

Күшік болуды армандаған аю

Нұргүлге бір кекс пен маффин «қарыз» болып, оларды жасағанымда олардың көңілімнен шықпай қалуы төмендегі печенье жасауыма себеп болды. өкініштісі – Нұргүлдерге ұнап ұнамағанын білмеймін (сұрағанымда «жақсы/дәмді» болды деген еді, бірақ мені ренжіп қалады ма деп айта салған да болуы мүмкін!). … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | Пікір қалдыру

Айвадан джем

Өткен жолы аспаздық пен консерві жәрменкесі үшін жасағаным. – айва– қант– су Айваларды аршып, бөліп суға пісіріп алыңыз. Жұмсарып пісен айваны темір сүзгіштен өткізіңіз. Айваның жұмсағын тартыңыз. Айваның жұмсағы қанша гр/кг болса, сонша қант пен су қосыңыз. Яғни, 1=1 болуы … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Консервілеу | Пікір қалдыру

Керекші достарыма – Маклюбе

Адамның өмірлік жолында әртүрлі достары болады: үйдің ауласында бірге өскен достар, мектептен класстас достар, лицейден сырлас достар, университеттен құрбы достар, қызмет орында әріптес-достар т.б. Осылардың бәрінен бөлек менің тағы «виртуал» әлемде танысып, бауыр басып қалған достарым бар! Иә, осыдан 3 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | 5 пікір

Бефстроганоф

Бастан мойындайын – мен бефстроганофты дұрыс жасамадым! Жо, дәмді боларына дәмді болды, бірақ бефстроганоф жасаудың негізгі ережелеріне құлақ асқаным шамалы (сол себептен, менің туындыма «бефстроганоф» деудің дұрыс-бұрысын білмеймін). Қателерімді санар болсам: сиыр еті орнына қой еті қолданылды, ет ұзынынан емес … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

Студенттік нан пісірмесі

Бірнеше ай бұрын рецептті Донцованың кітабынан оқып, «бір күні жасап көрейін» ниетімен ишараттап қойған болатынмын. Кеше жұмыстан ертерек босап, қолдағы аспаздық кітаптар мен рецепт дәптерлерімді парақтап жатқанда нан пісірмесі рецептіне көзім қайта ілініп, «не болса да» соны пісірейін дедім. ээ-э.. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар | Пікір қалдыру

Толғанай, бақытты бол!

Мінеки, тағы бір қызымыз күйеуге шығып, жаңа өміріне қадам атты! Оңтүстік Қазақстанның өзіне келін болу қиын дейді елдер, барған жерін Шымкент болса тіптен болар! Содан болса керек, тойға бара жатқанда досымызды шымкенттік «дәстүр-салтына» үйрене алмай әбіржіп жүр ма деп ойлаған … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

Халим

Халимды өмірімде жасап жасамайтынымды білмеймін алайда халим рецептінің Аспаздықта Үндістаннан естелік ретінде қалуын қалағанымнан бүгін халим жасау тәсілін беріп тұрмын. Рецептті мына жерден алдым. Халим – Үндістанға монғол басқаруымен енген тамақтың түрі. Қазіргі кезде Үндістандағы мұсылман қауымының бүткіл Ислам мерекелерінде … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

Күздік кейіп

Бүгіндері Алматы алтын күздің соңғы жылы күндерін кешуде. О бастан күзді жақсы көретін мен үшін күздің осы күндерінде жаяу жүріп, айналаны тамашалау үлкен қуаныш көзі. Темір арба иелері келісер, астында көлік болса көбіне жаяу жүруге уақыт болмай, мезгіл әсемділігін байқамай/сезбей/тамашаламай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз) | Пікір қалдыру

Маффинолизм!

Өткен айт демалысында қыздармен айт себебімен бір бірімізге сыйлық жасамақшы болғанда, сыйлық іздеп Сити Центр жаққа бардым (сол жердің Ideal Home қабаты керемет ұнайды – ешнәрсе алмаған кездің өзінде, әдемі ыдыс-аяқ қарағанды ұнатамын). Маффин форманы алам деп жүргеніме бірталай айдың … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Винегрет

Биыл Айттың соңғы екі күні демалыс күндеріне дәл келуі, туыс-бауыр, жора-жолдастардың үйіне айттап қыдыруымызға жақсы септігін тигізді. Оған қоса, Алматыда ауа-райы «мерекелік», яғни жып-жылы болып тұрды. Айттан айтқа аман есен шығайық! – 4 картоп– 1 орта қызылша– 1 сәбіз– 150 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз) | Пікір қалдыру

Шарлотка

Айт қабыл болсын! Осы мерекелік күндер шаттық пен берекеге толсын! Компаниямызда Владимир Николаевич есімді жасы да жүрегі да үлкен, елдің бәрімен үнемі әзілдесіп жүретін ағайымыз бар. Сол ағай әр жұма сайын офисімізге келіп «Мереке құтты болсын!» деп құттықтағанда, біздің «қандай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

Шерифе апайдың ауызашары

Мен келдім! Сапарым 35 күн созылса да, өзіме тез біткен болып көрінді… э-эх! Төмендегі дастархан Шерифе апайдың ауызашарында түсірілді. М-мм.. қанша айтқанмен түрік елі тамақ жасаудың шебері! Бүгін болатын Қадір түні құтты болсын! Бір бірімізге тілектес болайық, қазақтар!

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру