Бұл печеньенің жасалу тәсілін «Все из муки» деген кітаптың қазақ ұлтық тағамдары тарауынан алдым. Тұпнұсқасында печенье екі қабаттан тұруы керек – алдыменен шеңбер жасалынып, оның үстіне ай формасында кесілген қамыр қойылады. Менде айдың формасы болмады да, печеньелерім «гүл» болды. Екі қабат жасамағаным жақсы болды, өйткені разрыхлитель әсерімен қамыр өте жақсы көтерілді. Екі қабат жасағанымда печенье емес, нан болар еді сірә.
– 2 жұмыртқа
– 3 ас қасық қант пудрасы
– 100 гр бал
– 100 гр сары май
– 1 қасық корица
– ванилин
– ұн
– разрыхлитель
Жоғарыдағылардың бәрін араластырып, жұмсақ қамыр жасаңыз. Қамырды кем дегенде 1-2 сағатқа тоңазатқышқа қойып қойыңыз. Қамырдан ай формасында печенье жасап, үстіне жұмыртқа ағын жағып 200С духовкада пісіріңіз.
keremet pe4ene
ас болсын!