Сүтті кекс

Бұрын да айтқанымдай Октай Устаның Yesil Elma программасы жақсы көретіндерімнің басында келеді. Өйткені ол – күнделікті менюге оңайлықпен енетін рецепттер қазынасы. Төмендегі кексті сол Октай Устадан алғанмын. Қыздарды қонаққа шақырғанымда алғаш жасап көргенде, қыздар қатты ұнатқан еді, бірақ өкінішке орай кексті суретке түсіріп үлгермеген болатынмын. Екінші жасағанымда, арнайы суретке тарту үшін жасағанмын – бірақ, кекс бірінші кездегідей әдемі болмай шықты. Енді, міне, үшінші рет жасап тұрмын.. ауыз тигендер мақтады. Мораль – practice makes perfeсt!

– 4 жұмыртқа
– 2 стакан қант
– 250 гр сары май
– 2 қасық какао
– 1 қасық Nescafe
– 1,5 стакан ұн
– 1 разрыхлитель

Бөлме температурасында болған жұмыртқаларды қантпен бірге араластырыңыз. Қант толығымен еріп кетуі керек, әйтпесе кекс қатты болады. Ұн мен разрыхлительден басқаның бәрін кезек кезегімен қосып араластырыңыз. Ұн мен разрыхлительді қосып, елеңіз. Қамырға қосыңыз. Ұн қосылғаннан кейін қамырды көп араластырмаңыз. Бірақ, үннің түйіндері да болмауы керек. 220С духовкада пісіріңіз. Кекс піскен кезде 1 стакан суық сүтті үстіне төгіңіз (қаласаңыз, алдын ала сүтке 1 қасық қант қосып араластырыңыз). Сүт төгілгенде кекс ыстық болуы керек! Кекс сүтті сіңіп алады да, кекстің іші жұмсақ болады.

Былтыр Түркияға барғанымда Октай Устаның тікелей эфирін тамашалауға мүмкіндік түсті. Қазақстанда да ұнатылатынын біліп, қуанған шығар; әйтеуір, оны студиода көрген мен қатты қуандым.

п.с.: Айтуды ұмытып барам – кекске шоколад түйіршіктерін қосқанмын. Суретте кекс ішінде қара болып тұрған солар ғой.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: кекстер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s