Сүзбелі-жеміс торті

Кеше Толғанай құрбымның неке қию салтанатына қатысқанмын. Арамызда Толғанай сияқты инабатты, салмақты қыз жоқ сірә, сол үшін күйеубала қандай бақытты деп бір жақтан екі жас үшін қуансақ, бір жағынан қызымызды қимадық. Күйеубала біздерді даладан қарсы алғаннан ақ, екеуі бір біріне сай, бірін бірі толықтыратындарын көріп таң қалдым. Рас айтам, ішкі дүниелері ғана емес, сырттай да ұқсастықтары көп екен! Тойдан қалмайтын біреу ретінде мына бір ақиқатты айтайын – жас жұбайлар бір-біріне қатты ұқсас болады! хе-хе, тақырыптан ауытқымай тұралмайды екем ;)

Толғанай-жан, бақытты, салауатты, үлгілі отбасы болуларына тілектеспін! Күйеубала өзің сияқты көзі ашық, жүрегі/көңілі үлкен екен, үнемі бір бірлеріне қолдау көрсетіп, өмір жолында ақылдаса өтетіндеріне сенімдімін! Бақытты болуға тиіссіңдер!

Айтпақшыдай, Толғанайдың некесіне бала жағынан келген бір досының жұбайы «Еркебұланның жақсы жаңалығын естіп торт жасап келдім» деп, торттан кесіп бергенде, мен де бір торт жасамағаным-ай деп ішімнен ойладым. Әзірге, бұрын жасалынып, жасалу тәсілі жазылмай қалған сүзбелі-жеміс тортінің рецепттін беріп тұрмын.

– 100 гр қант пудрасы
– 200 гр сары май
– 300 гр ұн
– 1 жұмыртқа сарысы

– 500 гр сүзбе
– ванилин
– 2 жұмыртқа
– малина
– 1 шабдалы

Қант пудрасы + сары май + жұмыртқа сарысын қосып араластырыңыз да, ұн қосып жұмсақ қолға жабыспайтын қамыр жасаңыз. 1-2 сағатқа тоңазатқышқа қойып қойыңыз. Духовканы 200 С дейін ысытыңыз. Ыдысты аздап майәлаңыз да, ішіне қамыр төсеп, шеттерін тегістеңіз. Қамыр томпийип көтерілмеуі үшін, оның үстіне ауыр бір нәрсе қойсаңыз болады. Қамырды 10-15 минуттай пісіріңіз.

Сүзбені қант және жұмыртқалармен араластырыңыз. Қамырдың үстіне біркелкі етіп төгіңіз да, таңқұрай және шабдалымен сәндеңіз. Қайтадан духовкаға қойып, 15-20 минут пісіріңіз.

п.с.: тортты толығымен суытып алған соң ғана формасынан шығарыңыз. Мен асығыстық жасап, ерте шығарған едім, торттың шеттері сынып қалды

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Торттар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s