Айдостың печеньесі

Түлектердің 10 жылдық кездесу жұмыстарымен Жұмысым да, Аспаздық та жайында қалды. Көп шүкір, аман есен ол шара да өткен болды. Екі күндік, 18-19 тамыз, мерекеміз бірін бірі аңсап, алыстан келген қыздардың көңілінен шықса, мақсатымызға жеткен саналамыз. Қалай өткенін қысқаша баяндайтын болсам.. бірінші күні мектеп бақшасында дастархан жайдық, екінші күні Алмарасанның ғажап саяжайларының біріне барып шашлык пен гриль жасап демалдық. Бірінші күні, қонағы бар, төменгі класс қыздары бар – 70 кісі жиналсақ, екінші күні, тек қана 97 жыл түлектері мен олардың жолдастары мен балалары болып 35-40 адам жиналдық. 10 жылдық қасіретіне шыдамай кездесуге асыққан бір қыздарымыз Қырғызстаннан, Астанадан, Түркиядан, Шымкенттен келсе, тағы бір қыздарымыздың бала босану уақыты келіп тұрса да, үйде отырмай қыздармен екі күн бойы күліп ойнап жүрді да… той ертеңіне бала босанды! ;)

Иә, біздің Айдос, ой, Айгүл осындай қыз. Айгүлді «Айдос» деп атауымыздың хикаясы бөлек (басқа жолы айта жатармын), бүгін Айдостың печеньесін бергім келеді. Жасалу тәсілін бір кездері Айдостан алып, ұнатып, дереу «сенімді» рецепттерім қатарына кіргізген болатынмын. Бұл печенье әлі де сенімін жоғалтқан емес.

Айдосина, ұлыңның бауы берік болсын!

– 250 гр сары май
– 200 гр қант пудрасы
– 1 жұмыртқа
– 100 гр айран
– 100 гр сүйық май
– разрыхлитель
– 1 стакан какос талшығы
– ұн

Жоғарыда берілгеннің бәрін араластырып, жұмсақ қамыр илеңіз. Мен қосымша ретінде екі ас қасық малина вареньесінен қостым. Піскен печеньеде вареньенің дәмі аздап қана сезілді, қамырдың түсі болса едәуір өзгерді. Қамырды 1-2 сағатқа тоңазатқышқа қойып қойыңыз. Кейін қалаған формада печенье жасап, майланған қағаз үстінде үсті аздап қызарғанға дейін пісіріңіз. Піскен печенье үстіне қант пудрасын себуге болады сән үшін ғана, әйтпесе печенье онсыз да тәтті.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s