Баклажанді котлеттер

Бұл котлеттер орысша айтқанда «многострадальный» котлеттер ;-) былай ғой..

Папамдар Қызылорда-Шымкент сапарларынан келгенге дейін 18(!) жасар інім маған аманат болып, оның барлық еркелігін көтеру маған түсті. Достарыма кеттім деп түнгі 12-1де келуі шашымды ағартса, жасаған тамағымды жеймін-жемеймін таңдауы жүйкемді тоздырды. Жұмыстан үйге келгенімде тамақтың дайын болуына (мамамның қолдарына күш-қуат!) үйренген мен үшін, жұмыстан апыр-топыр келіп ініме тамақ істеп үлгеріп қайта өз жұмыстарыммен кету біраз қиындық туғызды. Аманатқа қиянат болмасын деп өткен жексенбі ініме ерекше бір нәрсе жасағым келді да араб-түрік ас үйінен карныярык жасадым. Жасағанымды қайтейін, інім «мен жемеймін» демейді ма!? Карныярык үйреншікті болмаған соң ұнатпаған шығар деп, карныярыкті тұрап үстіне картоп пен тағы фарштан қосып «жаркое» сияқты бір нәрсе жасадым. Кешкісін келсем, оны да жемепті! Ызаланып жаңағыға 1 жұмыртқа қосып, котлет жасадым да ұнға малып майға қуырдым. Кешкісін екі інім да келіп, котлеттерімді ұнатып жеп қойғанда өзіме қандай риза болғанымды білсең ғой!

(а) қайткен күнде де тамағымды ұнатқыздым / біреулер бұған қырсықтық десе десін
(б) бір тамақтан 3 тамақ түрін жасай алдым
(с) тамақтың ысырап болып қалуына жол бермедім / інімнің еркелігіне ерсем, сөзсіз карныярык жеңілмей ертеңіне сыпырынды жәшікке кетер еді

Бүгін осы әңгімені сөз арасы жұмыстағы қыздарыма айтып берсем, шегі қатып күлді «ініне жанымыз ашыды, неше түрлі эксперимент жасап қинайды екенсің ғой» деп.. інім мені десем, мен інімді қинайды болып шықтым ғой ;-)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s