Paul McCartney pie

Бүгін түсте мамамдар екі той мен бұйырса, емді бұлақтарға бару ниетімен Жаңақорған-Шымкент-Ақтас маршрутымен жолға шығады. Таңертең ол үшін арнайы пицца мен Пол Макартни пирогін пісірдім. Жартысын мамамдарға салып беріп, жартысын жұмыстағы әріптестеріме ала келдім – жұмысқа үнемі кешігіп келуімнің кішігірім «Sorry» ниетінде ;)

– 200 гр фарш
– 2 пияз
1 қамыр үшін:
– 100 гр сары май
– 1 жұмыртқа
– 5 гр разрыхлитель
– жарты стакан ұн
2 қамыр үшін:
– 3 қасық майонез
– 4 қасық айран
– тұз
– ұн
– 2 жұмыртқа
– 5 гр разрыхлитель

Фарштті тұралған пиязбен араластырыңыз. Қара бұрыш, тұз қосыңыз. 1 қамыр = жұмыртқа + жұмсартылған май + ұн мен разрыхлитель қосып қолға жабысатын қамыр жасаңыз. Осы қамырды майланған және аздап ұн себілген ыдысқа жайыңыз. Ет фаршын осы қамырдың үстіне қойып, тегістеңіз. 2 қамыр = майонез + айран + жұмыртқа + тұз + ұн мен разрыхлитель қосып, құймақтың қамырындай сүйық қамыр жасап, еттің үстіне төгіңіз. Үсті қызарғанға дейін 220С пісіріңіз. (менің пирогім шамамен 45 минутта пісті)

сосын, консервіленген балық пен сосис қосылған пицца жасадым. Оны, бұйырса, ертең жазармын.

Мамамдарға Ақ жол тілеп, Жаратқанға аманат еттім

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s