Жар-Жар

Өткенде отырып осы жылдың үйлену тойларын санап шыққан едім. Сонда осы жылы бір-екі емес, 16 (!!!) той бар болып шықты. Уау! 2007 жыл – тойларға берекелі жыл! Сурет түсіргенді жақсы көретін мен үшін үйлену тойларға барғанымда маңызды көріп, үнемі 3 нәрсені міндетті түрде суретке тартамын: жас жұбайлардың мерекелік көліктері, жас жұбайлардың вальс биі мен мерекелік торт!

Өткен аптаның демалыс күндері бір емес екі тойға барып қайттық, сол тойлардың сарқыты жоғарыдағы торттар. Бірінші торт – пысық десе пысық, ақылды десе ақылды Әлия қызымыздың ұзатылу тойынан түсірілді. Екінші торт – ертеңіне Тараз қаласына барып, инабатты да жұмсақ мінезді Айжан қызымыздың үйлену тойында түсірген едім. Қыздардың жаңа өмірлері осы торттардай тәтті әрі әдемі болуына тілектеспін! Бақытты болыңдар, жас арулар!

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру