Ақбану

Тынымсыз өмірдің күндері зымырап өтіп барады. Заманға сай өмір сүреміз деп көбіне айналамыздағы таңғажайып әлемге, таңғажайып адамдарға керек мөлшерде көңіл аудара алмай, керек көлемде уақыт бөле алмай келеміз. Жақындарым ғой, көңілін алу қиын болмайды, алдыменен мына жұмыстарымды бітіріп алайын деп, талай кездесу мен талай жүздесуге немқұрайды қарағанымыз да бар. Осындай кездері адамның өмір жолыңда үлкен STOP белгісі жетіспейтін сияқты. Сонда барлық істерді тоқтатып, айналамыздағы адамдарға назар аударсақ, еш күмәнім жоқ, олардың жасаған істеріміздің бәрінен де артық әрі құнды екенін көріп, ол адамдармен жаңадан танысқандай боламыз.

Кеше АҚШта бір жылдық оқуын тамамдаған Ақбанумен Pizza Inn халал кафеде кездесіп, Ақбанудың өмірлік сынақтарға қарсы жігерлігі, сабырлығы, батылдығы мен ақылдығы алдында бас идім. Кішкентай, нәзік, жұмсақ мінезді Ақбанудің сонау Америкаға жападан-жалғыз барып, жаманға ермей, жақсыға ұмтылып, алдына қойған мақсатына жеткені.. бұл, маған сенсеңіз, әркімнің қолынан келеберетін іс емес!

п.с.: Алыста жүріп жұрттың көңілін ойлап, сыйлық әкелгені де үлкен жүректің көрсеткіші! Америка қалалары жайлы суретті кітап пен тамақ рецепттерін жазуға арналған қойын дәптер үшін көп рахмет!

Ақбану, «қолда бар алтынның қадірі білінбейді» сөзді растағандай, сенің қадір-қасиетінді мұхит асып барғаныңда білдік, еліңе оралғанына қуанғанымыз осы еді, қазақтың абзал жігітінің қалындығы болып қайта жолға шықпақшысын… бақытты болуына шын жүректен тілектеспін!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s