Лимон мен шабдалы қосылған кекс

«Құт қалта» деген ойынды білуші ме едіңіз? Бір топ адам ай сайын бір бірінің үйіне барып, шай ішіп белгілі бір көлемде үй иесіне ақша беріп тұрады. Жылдың басынан осы ойын мамамның абысындары арасында да ойналуда. Түріктерде бір сөз бар ғой «gonul ne cay ister ne cayhane, gonul muhabbet ister, cay bahane» яғни, «тамақ та, шай да жәй сылтау, әңгіме болса – көңіл сау» (хе,хе күшті аудардым, ия?).. біздікілердікі да сол, ақша жинап шай ішу емес, абысындар арасындағы сыйластықты нығайту. Бір жаманы – абысындардың әрбірі бір бірінен бірталай қашық жерде тұрады! Осылайша өткен айда құт қалта дастарханы себебімен мамаммен Қордай жаққа барып келдік.. Бүгін, кезек бізде! Алыстан үйге келетін үлкен жеңгелеріме төмендегідей лимон мен шабдалы қосылған кекс жасадым.

– 200 гр жұмсартылған сары май
– 1 стакан қант
– 1 жұмыртқа
– 1 лимон цедрасы мен шырыны
– 2 стакан ұн
– разрыхлитель
– ванилин
– 3 шабдалы

Жұмсартылған май мен қант араластырып миксерлеңіз. Кезек кезегімен жұмыртқа, ванилин, лимон цедра мен шырынын, разрыхлитель қосылған ұн қосып, араластырыңыз. Бір шабдалыны майда төртбұрыштарға тұраңыз. Қамырға қосып араластырыңыз. Қалған екеуін жұқалап жарты шеңбер етіп тұраңыз. Ыдысты майлап, аздап ұн себіңіз. Қамырды ыдысқа біркелкі етіп төгіңіз. Үстін шабдалылармен сәндеп, 220С ыстықта пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: кекстер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s