Бұл хворосттың рецептін Нью-Джерсиде тұратын Ғалия деген қыз берген еді. Оқтаусыз жұқа қамыр жаю қиынға соқса да, кеше жасап көрдім. Мен жасаған өзгерістер жайлы сөз қозғамай-ақ қояйын, жасалу тәсілін Ғалиянікіндей етіп беріп тұрмын.
– жарты стакан сүт
– 2,5 стакан ұн
– 1/4 щ.қ тұз
– 1 ас қасық қаймақ
– 3 жұмыртқа сарысы
– 1 қасық қант
Қатты қамыр илеңіз. Жұқалап кеспеге сияқты жайыңыз. Кесемен шеңберлер кесіңіз да, ол шеңберлерді бір бірінің үстіне қойып, ортасынан бастырыңыз, шеттерін өткір пышақпен тілімдеңіз. Раушан гүлі формасы шығуы керек. (мен екі шеңбермен ғана жасадым, көбірек болса раушан гүлге ұқсастығы да көбірек болатын шығар). Қатты қызған майға үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Суытып, үстіне қант пудрасын себіңіз.