Бартоғайға саяхат / қиярдан салат

Демалыс күні қыздармен Алматыдан 170 км қашықтықта орналасқан Бартоғай деген жерге қыдырып бардық. Еһ, шатырман оқиғаларға толы бір демалыс болды десем артық айтқан болмаспын ;)

– Алматыдан шыға берісте Жол Полиция қызметкерлері «жоғары жылдамдықпен» жүрдің деп тоқтатты. Тоқтатқан жерінде айып пұл төлеуге тура келді.
– Жол бойы телефон түк «ұстамады». Сол үшін жолымыз Гауһардың үйінен өткен соң оған «келе жатырмыз. етіңді аса бер» деп алдын ала хабар бере алмадық. Осылайша күтпеген «құт» қонағы болдық. Қалай болған жағдайда да, өз басым Гауһардың кішкентай тәп-тәтті ұлын (Аллаһ тіл көзден сақтасын!) көру маған да нәсіп болғанына қуандым, Гауһардың да келгенімізге риза болғаны айдан анық еді.
– Бартоғайға «уһ» деп жеткенімізде, сол жақтың назар аударарлық су құймасының фонтанына түсуге ертеңіне дейін рұқсат жоқ екенін білдік. Әкімшілік облыс сот басшысын күтіп алып жүр екен. Алдап-сулап кіріп тамашаладық.
Бартоғай көлінің жағалауында орналасып, тамақ жеп, суретке түсіп жүргенше күн батты да кетті :) Қараңғыда отын жинадық.
– Жылан көріп кішігірім «қыз ауылымызды» айғай шу басты :) Жыланнан қорққанымыз, машинаға кіріп отырса, батылымыз «жылан от жаққа келмейді» сенімімен алаулатып от жақты.
– Түнімен қатты дауыл, жел болып, жаңбыр жауды
– …

Айта берсең бітпейтін екі күндік Бартоғайға саяхатымыз осындай талай қызықтармен өтіп, ертеңіне жол бойы өлең айтып/тыңдап қалаға сергек кірсек те, үйге келіп шаршаудан жығылып қалдық ;) Осындай кезде жеңіл бір салаттан басқа ешнәрсені керек етпейді екенсің. Мен төмендегідей салат жасадым.

– 2 қияр
– 4 піскен жұмыртқа
– көк пияз немесе 1 кішкентай пияз
– қаймақ

Жұмыртқа мен қиярды төртбұрышап тұраңыз да, тұралған пияз бен қаймақ қосып араластырыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s