Жұмыртқалы ролл немесе Brunch Menu

Зарема Түркияға барғанымызда үлкен көмегін тигізіп, Станбул мен Бурсаның жан-жағын танытқан жолбасшыларымыздың бірі. Магистратура оқуының демалысында Алматыға келгенін пайдаланып оның бізге көрсеткен ілтипатының ең болмаса жартысын көрсету мақсатымен қаланы қыдыртпақшы едік баста, бірақ ол қызымыздың өзі де алматылық болғаннан соң Алматының түкпір-түкпірін бәрімізден артық біледі ма деп, одан да бір дастархан басында жақындарын жинап, жақсылап шәй берейік дедік. Осылайша кеше таңғы асқа сыйлы қонақ күткен болдық.

Меню жазғанымда «таңғы ас дегенің жеп-жеңіл екен ғой» дегенім бар. Алайда бәрі мен ойлағанымдай жеңіл емес екен. Таңғы ас меню жағынан жеңіл көрінгенімен, жасалынатындардың бәрі дер кезінде ыстықтай сервис жасалыну керектігінен уақыт жағынан бәрін жасап үлгеру үйренбегенге ойлағанымдай жеңіл болмады. Осылайша, меню жәйлап-жәйлап қысқартылып, тез жасалынатындармен төмендегідей етіп өзгертілді.

Brunch menu немесе жасалынғандар:
– қызартылған картоп-фри мен шұжық құырмасы
– жұмыртқалы роллдар
– суға піскен жұмыртқалар
– бауырсақтар
– ет қосылған бөлішкелер – кешкісінен жасалынды
– 3 минуттық пицца
– сүзбелі-жеміс торты
– салихованың алма пирогінің кішісі – кешкісінен жасалынды
– таңқұрай мен қарақат вареньелері
– қияр мен қызанақ салаты
– шоколад қосылған печенье – кешкісінен жасалынды
– сәбізді рафаэлло
– «селедка под шубой» салаты – кешкісінен жасалынды
– жұзім шырыны
– жеміс-жидектер
– өрік-мейіздер

Таңғы ас беру мәдениеті бізде айтарлықтай дамымаған. Яғни, қазақтар қонаққа таң атпай барып үйренбеген. Бірақ кім біледі бұл жағдай әлі өзгеріп те қалуы мүмкін, өйткені таңғы астың, таңғы дастархан басындағы атмосфера ерекше сүйкімді.

Төмендегі рецепт корей халқының ас кітаптарында табылатын рецепт деп білемін. Қонақтарым көбіне «үйреншікті емес екен» деп ауыз тиіп қана қоя салған болатын. Маған болса қатты ұнады. Соя соусының фанаты болғанымнан шығар ;)

– 5 жұмыртқа
– 4 ш.қасық қант
– 5 ш.қасық соя соусы

Жұмыртқаларды миксерлеңіз. Соя соусын + қант қосыңыз. Араластырыңыз. Аздап май құйылған табаны қыздырыңыз. Жұмыртқа қоспасының 5/1 бөлігін табаға құйыныз. Омлеттің бір жағы піскен кезде, шаңышқы немесе қытай таяқшаларымен (соңғысымен ыңғайлырақ) бір шетінен орап рулет жасаңыз. Табаның бір шетіне қарай орап сол жерде қалдырыңыз. Тағы жұмыртқа қоспасынан құйыңыз да процессті қайталаңыз. Осылайша рулет табаның бір жағынан екінші жағына оралып жүреді. Жұмыртқалы қоспа біткен кезде, рулетті ауызы ашық жерімен таба үстінде тағы 8 секундтай ұстаңыз. Енді, суши жасайтын арнайы ағаш көрпешеге орап, үстінен сәл бастырыңыз. Осылайша суытыңыз. 1-2 см қалындықта тұраңыз. Соя соусымен бірге сервис жасаңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s