Десерт сөзі француздардың «асқазанға жеңіл тәтті» мағынасына келеді екен. Суфле сол тәттілер тізімінің басына жазылуы керек, өйткені асқазанға жеңіл болып қана қоймай, оның жасалуы да жеп-жеңіл. Өткен аптадағы «Дәмді және тез» бағдарламасынан көріп жасадым.
– 200 гр таңқұрай
– 100 гр қант пудрасы
– 2 жұмыртқаның ағы (мұздатылған)
– үстіне шоколад
Қант пудрасы мен жұмыртқа ақтарын жақсылап араластырыңыз. Таңқұрайды блендерда езіңіз. Қант пудрасына қосыңыз. Ыстыққа шыдамды ыдыстарды майлап, аздап қант пудрасын сеуіп, суфлемен жартылай толтырыңыз. Алдын ала ысытылған духовкада 15 мин пісіріңіз. Пісіп жатқан кезде суфле жұмыртқаның әсерімен көтеріледі. Піскен суфлені суытып, үстіне қара шоколад ұңтағын себіңіз.