Бұл тоқаштардың (немесе бәліштердің) жасалу тәсілін Айжан деген сұлу қыздан алғанмын. Балжан екеуі қоймай мақтаған соң, ұзаққа тастамай, жасап көрдім. Қыздар айтқандай – өте жұмсақ әрі дәмді болып шықты.
– 1 шәй қасық қант
– ашытқы
– жарты стакан жылы су
– 2 стакан сүт
– 1 жұмыртқаның ағы (сарысы үстіне жағылады)
– 0,5 стакан сүйық май
– 5 ас қасық қант
– 1 шәй қасық тұз
– ұн
Су + қант + құрғақ ашытқыны араластырып ашытқы көтерілгенше бетін жауып қойыңыз. Көтерілген ашытқыға қалған заттарды қосып жұмсақ қамыр илеңіз. Тоқаш формасын келтіріп, үстіне сұйық май қосылған жұмыртқа сарысын жағыңыз да, тағы 15 минуттай күттіргеннен соң ғана 230С духовкада пісіріңіз.
Қосымша ретінде әр тоқаштың үстіне аздап қант септім