Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер..

Өткен айдың 22-ші жұлдызында інім үйленіп үйлі болды! Осыған орай, өткен айдың басынан Қазақстанның түкпір түкпірінен туыс-бауыр, жекжат пен папамдардың жора-жолдастары хабарласып, той алды дайындыққа асарлап жұмыла кірісі. Үлкен жеңге, әпкелерім қоржын, киіт, құдаларға сый мен той сценариін талқылаған кезде, тура үнді кинолардағыдай шу-шу етіп, әзілдесіп, «біздің жақта былай, біз жақта болса былай» деп білгендерімен бөліскен кездері есімде нағыз сыйластық пен бауырластықтың көрсеткіші болып мәңгі қалмақ. Жастарға салынған үй жұмыстарымен қоса, осындай отырыстар таңғы 3-4ке дейін созылатын. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, осылайша үлкен тойдың ауыртпалығы еш сезілмеді.

Тойдың ертеңіне құдаларды құдалыққа апарарда папамның 35 жылдық досы құдаларды күтетін үйлер тізіміне ілінбей қалғанын естіп «түнгі 1 болса да, құдаларды мен де күтіп қарсы аламын!» деп «өкпесін» білдіргенде, несін жасырайын, олардың осындай шынайы достықтарына қызыға қарадым.

Құдалықты да аман есен бітірген соң, алматылықтар, алыстан келген туыстарымызды таңғы ас, түскі ас, кешкі ас деп кезектесіп шақырып тұрды. Тойға келген әрбір қонақты қимастықпен шығарып салдық. Той себебімен қазақтың қандай кең пейіл, қонақжай халық екеніне тағы да көзім жетіп, мыңдаған туысы бар Қазақ болғаныма шүкір еттім.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s