Monthly Archives: Шілде 2007

Самса

Самсаның жасалу тәсілдері өте көп. Мен білгендерімнің ішінде ең оңай әрі тез жасалынатыны төмендегі тәсіл бойынша жасалынғаны. Сенбесеңіз – жасап көріңіз! – 1 кг ұн– 250 гр сары май– 2 қасық ашыған қаймақ немесе айран– жарты стакан сүт– 2 жұмыртқа– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | 2 пікір

Рататуй

Осыдан 1 ай бұрын Ядыкар курстасым Лондонға кетер алдында жол-аяқ ырымын жасап басымызды қосқан еді. Сол күні Силк Уэй Ситиге барып «Рататуй» мультигін тамашалаған болатынбыз. Ертеңіне рататуйдың рецептін іздеп интернетті бір шолып шықтым: мультик жайлы өз ойын жазбаған адам қалмаған … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

Лимон мен шабдалы қосылған кекс

«Құт қалта» деген ойынды білуші ме едіңіз? Бір топ адам ай сайын бір бірінің үйіне барып, шай ішіп белгілі бір көлемде үй иесіне ақша беріп тұрады. Жылдың басынан осы ойын мамамның абысындары арасында да ойналуда. Түріктерде бір сөз бар ғой … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: кекстер | Пікір қалдыру

Шай құю мектебі

Өткен айдың «Той Әлемі» журналының беттерін парақтап, көзім бір қызық жарнамаға ілінді. Ол жерде былай деңілген: «Қонақтардың көңілінен шығатындай шай құюды үйренемін десеңіз, Қазақтың ұлттық шай құю өнері мектебіне келіңіз!». Ұймдастырушы кім десеңізші.. Қазақ Ұлттық Әдет-Ғұрып, Салт-Дәстүр Академиясы! Таң қалдым … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | Пікір қалдыру

Хворост

Бұл хворосттың рецептін Нью-Джерсиде тұратын Ғалия деген қыз берген еді. Оқтаусыз жұқа қамыр жаю қиынға соқса да, кеше жасап көрдім. Мен жасаған өзгерістер жайлы сөз қозғамай-ақ қояйын, жасалу тәсілін Ғалиянікіндей етіп беріп тұрмын. , – жарты стакан сүт– 2,5 стакан … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | Пікір қалдыру

Тон ішінде майшабақ (сельдь под шубой)

– 3 картоп– 2 сәбіз– 1 қызылша– майонез– тұз– 1 майшабақ балығының филесі (сельдь)– 2 жұмыртқа– укроп Картоп, сәбіз, қызылшаны бөлек ыдыстарда пісіріп алаңыз. Суытыңыз.Үккіштен өткізіңіз. Жұмыртқаның ағын майдалап тұраңыз. Майшабақ балығын да майдалап төртбұрыштап тұраңыз. Жалпақ ыдыстың үстіне майланған … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | Пікір қалдыру

Бартоғайға саяхат / қиярдан салат

Демалыс күні қыздармен Алматыдан 170 км қашықтықта орналасқан Бартоғай деген жерге қыдырып бардық. Еһ, шатырман оқиғаларға толы бір демалыс болды десем артық айтқан болмаспын ;) – Алматыдан шыға берісте Жол Полиция қызметкерлері «жоғары жылдамдықпен» жүрдің деп тоқтатты. Тоқтатқан жерінде айып … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | Пікір қалдыру

Қасиетті Рагаиб түні құтты болсын! Алланың сәлемi, pахметi мен беpекетi мәңгiлiк және соңсыз суpетте сiзге болсын! Ізгі тілек пен дұғаларда кездесу ниетімен..

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

Гүлнәрдің торті

Кеше жұмыстан кейін «жас отау» бағдарламасымен пәтер алған Гүлнәрға үйлерің құтты болсын деп бардық. Үй Райымбектің бойында орналасқан. Құлагердегі үйлермен салыстырғанда мына үйлер бір керемет енді (тіл көзден сақталсын!) – қаланың іші, балаларға арнайы саяжайы бар, көлік парковкасы үлкен, үй … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Торттар | Пікір қалдыру

Печеньеден торт

Осы тортты соңғы рет, өтірік болмаса, 2005 жылы жасаппын. Аспаздыққа осы торттың жазылу датасы солай деп тұр ;) Бұл жолы кішігірім өзгерістер жасадым. 1- Сүтті кремді аз, печеньені көп қолдандым – торт үлкендеу болды2- Үстіне шоколад пен жаңғақ ұнтағын септім … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Торттар | Пікір қалдыру

Жұмыртқалы ролл немесе Brunch Menu

Зарема Түркияға барғанымызда үлкен көмегін тигізіп, Станбул мен Бурсаның жан-жағын танытқан жолбасшыларымыздың бірі. Магистратура оқуының демалысында Алматыға келгенін пайдаланып оның бізге көрсеткен ілтипатының ең болмаса жартысын көрсету мақсатымен қаланы қыдыртпақшы едік баста, бірақ ол қызымыздың өзі де алматылық болғаннан соң … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

Банан торты

Jamie Oliverдің аспаздық бағдарламасын сұмдық жақсы көріп, сәт түскен сайын тамашалаймын. Оның рецепттерінің көбін мен өмірімде жасамайтынымды білсем дағы, (бұл Jamie мен ұнатпайтын теңіз өнімдерін жиі қолданатындығынан да емес), оның ас үйіндегі жүріс-тұрысы, тамақты жасап тұрып қалай коммент жасайтыны қатты … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Торттар | Пікір қалдыру

Таңқұрайдан суфле

Десерт сөзі француздардың «асқазанға жеңіл тәтті» мағынасына келеді екен. Суфле сол тәттілер тізімінің басына жазылуы керек, өйткені асқазанға жеңіл болып қана қоймай, оның жасалуы да жеп-жеңіл. Өткен аптадағы «Дәмді және тез» бағдарламасынан көріп жасадым. – 200 гр таңқұрай– 100 гр … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Десерт | Пікір қалдыру

Кокостан кекс

Кекс қатты көтерілмеді. Разрыхлитель қоспағанымның кесірі болса керек. Бірақ дәмі керемет болып сақталды. Лимон қышқылымен жасалынса да жақсы болатын сияқты. – 1 стакан сгущёнка– 0,5 стакан сүт– 1 жұмыртқа– 6 ас қасық крахмал– 6 ас қасық ұн– жарты стакан кокос … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: кекстер | Пікір қалдыру

Қатпармалы пицца

– 500 кг қатпармалы қамыр – консервіленген саңырауқулақ– қызанақ– кетчуп– сыр Жоғарыдағыларды майдалап тұраңыз да, араластырып, қамырдың әрбір төртбұрышына қасықтап қойыңыз да, қамырдың шетін бүгіңіз. Айналасына жұмыртқа сарысын жағып, қыздырылған духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. п.с.: Интернеттен көріп қамырды осылай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру