Түсті орамжапырақ

Түсті орамжапырақты бір-ақ тәсілмен пісіре аламын. А, жоқ екі тәсілмен! Біреуі – фаршпен, екіншісі – етпен ;)) Айырмашылық жоқтың қасы болғанымен, бұқтырылған ет ерекше дәм береді.

п.с.: «Цветная капуста»ның қазақшасын мына жерден қарадым.

– 300 гр майлы ет
– бір үлкендеу түсті орамжапырақ
– 1 жасыл болгар бұрышы
– 1 үлкен пияз
– 3 орта картоп
– 2 қасық бұрыш соусы
– тұз
– аскөк (=укроп)
– қара бұрыш

Қазанға аз ғана май тамызып, оттты бәсейтіп, тұралған етті бұқтырыңыз. Ет жұмсарып, түсі өзгерген кезде, тұздаңыз. Қара бұрыш қосыңыз. Пиязды тұрап қосыңыз. Артынан – болгар бұрышын. Түсті орамжапырақ гүлдерінің арасынан су өткізіп жақсылап жуыңыз. Майдалап етке қосыңыз. Бұрыш соуысын қосып араластырыңыз. Бетін жауып жәй отта 10 минуттай пісіріңіз. Картопты тұрап қосыңыз да, тығы 20 минуттай пісіріңіз. Піскенге 5-10 минут қалғанда тұралған аскөкті қосыңыз.

п.с.: мен түсті орамжапырақ тамырлары жұмсақ, қытырламайтындай етіп пісірілгенін ұнатамын. Егер орамжапырақтың гүлдері бүтін болсың десеңіз, пісіру уақытын азайтыңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s