Блогтағы рецепттерде көрсетілген мөлшерлердің түсініктемесін осы жерден қарауыңызға болады. Қолайлылық үшін, өзім қолданатын «стакан», «ас қасық» тағы басқа құрал-саймандарымның суретін де ілуге тырысамын. Аспаздықта жарық көрген рецепттің құрамындағы мөлшерлерді түсінбеген болсаңыз осында жазыңыз, соған қарай (бұйырса) тізімді толықтырып отырамын.
1 шәй қасық ішінде (толтырып / толтырмай):
су – 5/ – гр
сүт – 5/ – гр
сұйық май – 5/- гр
қант – 5/7 гр
тұз – 7/10 гр
ұн – 4/5 гр
күріш – 5/8 гр
1 ас қасықтың ішінде (толтырып / толтырмай):
су – 18/- гр
сүт – 20/- гр
сұйық май – 17/- гр
қант – 20/25 гр
тұз – 25/30 гр
ұн – 10/15 гр
күріш – 15/20 гр
кептірілген аскөк – 5/10 гр
Ескерту: рецепттерде «1 шәй қасық» деңілгенде, көбіне толған бір шәй қасық туралы айтылады.
1 стакан ішінде (толтырып / толтырмай):
су – 200/250 гр
қант – 200/250 гр
тұз – 290/320 гр
ұн – 140/150 гр
күріш – 210/230 гр
жармақ – 200/220 гр
толған 1 стакан ішіне 11 ас қасық жармақ, 10 ас қасық қант немесе тұз сыяды.