Шолақ тілді болғаным үшін, оның үстіне аспаздықтың қазақша терминалогиясы әлі ешбір жерде бекітілмегені үшін блогта кей сөздерді қазақша баламасын таппай, орысша жаза салсам, кей сөздерді интернеттегі онлайн сөздіктер арқылы аударуға тырысамын. Осылай блог беттерінде еріксіз түрде «жасанды» / қолданыста жоқ қазақша аудармалар пайда болады. Осы жерде аспаздық негізінде құрастырылатын мини-сөздік бастамақпын. Түсінбеген сөздеріңіз болса – жазыңыз, оған қарай (бұйырса) сөздігімді толықтырып тұрамын.
____________________________
- асқабақ – тыква
- қырыққабат – капуста
- жалбыз – мята
- аскөк – укроп
- қызанақ – помидор
- үккіш – терка
- тұрып – редька
- кәді – баклажан
- асам – закуска
- пісірме – запеканка
- бәліш – пирог
- арнайы майлы қағаз – бумага для выпечки
- шалғам – редиска
- көкнәр – мак
- кептірілген нан ұнтағы – панировочные сухари
- қожақат – ежевика
- тәтті сүт – сгущенка
- кәдіш – кабачок
- қозықұйрық – шампиньон
- жасымық – чечевица
- жармақ – манка
- қарақұмық – гречка
жарайсың! өз ана тіліне шынайы еңбегімен үлес қоса білетін адам сендей болсын!
рахмет. дегенмен, аспаздықта көп қателер кездестіруіңіз мүмкін. түсініспеншілік танытуларыңызды өтінемін.
түсіністік таныту немесе түсіністікпен қарау деген дұрыс сияқты?
Mashallah! prosto SUPER!!!! blogyngyz yshin rahmet!!!
рахмет! супер болуға тырысамыз!
кадимги карапайым создик
Рахмет!
мен де бұрын баклажанды кәді деп жүргенмін, сосын бір жерден оқыдым баклажан – баялды, кабачок – кәді. сосын sozdik.kz-тен тексердім, шынымен, солай екен